Топтық ата-аналар жиналыстарының өткізілуі туралы
13.10.2026
Бөбекжайымызда барлық топта ата-аналар жиналыстары өткізілді
«Қошақан» бөбекжайында жаңа оқу жылының басталуына орай барлық топтарда ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналармен өзара байланысты арттыру және балалардың сапалы тәрбиесі мен жан-жақты дамуына бірлесіп жағдай жасау.
Кездесу барысында жаңа оқу жылындағы тәрбие мен оқыту жұмыстарының негізгі бағыттары, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес даму міндеттері, күн тәртібі, денсаулықты сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау және тәрбиеленушілерге қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ата-аналарға отбасылық тәрбиенің маңыздылығы, балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, өзара сыйластық пен жауапкершілікке баулу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.
Осындай кездесулер ата-аналар мен педагогтер арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтып, балалардың үйлесімді дамуына ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Бала тәрбиесі – ортақ міндет! Отбасы мен балабақша бірлесе әрекет еткенде ғана өскелең ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қаланады.