Құрметті сайтқа келушілер!

Сіздерді «Қошақан» бөбекжайының ресми сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз!

Біздің басты мақсатымыз – әр баланың қабілетін ашып, дені сау, білімге құштар, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Жаңа оқу жылында біз жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «Адал азамат» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру, балалардың денсаулығын нығайту және мерекелік-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргіземіз.

Сайтымыздан бөбекжай жаңалықтарын, тәрбиелік іс-шараларды, балалардың жетістіктері мен педагогтердің тәжірибесін таба аласыздар.

Сіздер сайт арқылы өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді білдіріп, қажетті ақпарат пен жауаптар ала аласыздар. Біз ата-аналармен ашық диалог орнатып, әрбір пікір мен ұсынысты маңызды деп санаймыз. Кері байланыс – өзара сенім мен ынтымақтастықтың негізі!

Бала тәрбиесі – ортақ міндет, жарқын болашақ – ортақ мақсат!

Ізгі тілекпен, «Қошақан» бөбекжайының ұжымы!

Жаңалықтар

Текст