«Жүректен шыққан жыр – жүрекке жетеді» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

16.10.2026

«Жүректен шыққан жыр – жүрекке жетеді» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

Бүгін 25 қазан – Республика күніне орай бүлдіршіндер арасында «Жүректен шыққан жыр – жүрекке жетеді» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың өлеңге деген қызығушылығын арттыру, көркем сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Өлең оқу баланың тіл байлығын молайтып қана қоймай, жүрегіне ізгілік ұялатып, ой-өрісін кеңейтетіні сайыстың мазмұнынан айқын көрінді.

Бүлдіршіндер жаттаған өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар Отан, туған жер, Қазақстанның көркем табиғаты мен кең байтақ даласы туралы жырларды мәнерлеп жеткізді. Әр қатысушы сахнада өз шеберлігін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сайыстың әділ өтуіне төрелік еткен қазылар алқасы балалардың өнерін бағалап, қатысушыларға жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. Қатысушылардың ортаға шығу реті жеребе тарту арқылы анықталды.

Мерекелік сайыс бүлдіршіндерге шабыт сыйлап, Отанға деген сүйіспеншілігін өлең арқылы өрнектеуге мүмкіндік берді. Өнер көрсеткен барлық балаларға алғыс айтып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 137


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст