Террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррористік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс туралы ақпарат

14.10.2026

Террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррористік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс өтті

2026 жылғы 14 қазанда Ақмол ауылындағы мектеп-гимназия базасында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррористік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген жиналыс өтті.

Аталған жиынға ауданның 12 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымының меңгерушілері мен жеке меншік балабақшалардың құрылтайшылары қатысты. Жиналысқа «Қошақан» бөбекжайының меңгерушісі де қатысып, мектепке дейінгі ұйымдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды ақпараттармен танысты.

Жиналыстың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және ұйым басшылары мен қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру.

Жиын барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің ерекшеліктері, антитеррористік қорғау талаптары, өткізу режимін сақтау, бейнебақылау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету, күзет қызметін ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар объект басшыларының міндеттері, қажетті құжаттаманы жүргізу, қызметкерлердің даярлығын ұйымдастыру, күдікті жағдайлар анықталған кезде жедел әрекет ету және төтенше жағдай туындағанда балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі түсіндірілді.

Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, алдын алу шараларын жүйелі жүргізу және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір білім беру ұйымының басты міндеті. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіп-қатердің алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Просмотров: 157


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст