5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл байлығы - ой байлығы" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы
13.10.2026
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл байлығы - ой байлығы" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті
Бөбекжайымызда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай тәрбиеленушілер арасында "Тіл байлығы - ой байлығы" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Байқауға ортаңғы, ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері қатысып, жас ерекшеліктеріне сәйкес үш санат бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Балалар тіл, Отан, туған жер және ана тілі тақырыптарындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өздерінің оқу шеберліктерін, дауыс ырғағын, сөздерді анық айту және өлең мазмұнын жеткізу қабілеттерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін мәнерлеп оқудың белгіленген критерийлеріне сәйкес бағалап, үздіктерді анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары табысталды.
Іс-шара балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, тіл мәдениетін дамытуға, ана тіліне деген құрметін арттыруға және көркем сөз өнеріне қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың асыл мұрасы! Ана тілімізді ардақтап, сөз өнерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.