«Күз сыйы» көрмесі ұйымдастырылды
30.10.2026
«Күз сыйы» көрмесі ұйымдастырылды
Бөбекжайымызда 2026 жылғы 20–27 қазан күндері аралығында күз мезгілінің әсемдігін, табиғаттың байлығын және ата-ана мен бала арасындағы шығармашылық байланысты дәріптеу мақсатында «Күз сыйы» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге тәрбиеленушілер мен ата-аналар бірлесе отырып, күзгі табиғи материалдардан түрлі қолөнер бұйымдарын, ерекше композициялар мен сәндік туындылар ұсынды. Жапырақтар, жемістер, көкөністер, бүрлер және басқа да табиғи материалдардан жасалған жұмыстар қатысушылардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Көрменің басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу, еңбекке баулу және отбасылық ынтымақтастықты нығайту.
Көрме қорытындысы бойынша үздік жұмыстар ұсынған тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, арнайы марапаттау қағаздары табысталды.
«Күз сыйы» көрмесі балаларға қуаныш сыйлап, ата-аналардың белсенділігін арттырып, бірлескен шығармашылықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Шығармашылықтарыңызға шабыт, отбасыларыңызға береке, балаларымызға жарқын жетістіктер тілейміз!